Download Print deze pagina

Sony AC-120MD Gebruiksaanwijzing pagina 118

Net

Advertenties

Қазақ тілі
Құрылғыны пайдалану алдында осы
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз жəне
болашақта анықтама алу үшін сақтаңыз.
Пайдалану/Мақсатты пайдалану
көрсеткіші
AC-120MD айнымалы ток адаптері Sony
компаниясының медициналық электр
жабдығымен/жүйелерімен бірге пайдалануға
арналып жасалған жəне кейбір үлгілер үшін
жинақта берілген аксессуар, ал кейбір үлгілер
үшін қосымша аксессуар болып табылады.
Нұсқау
• Бұл жабдық медициналық мамандарға
арналған.
• Бұл жабдық дəрігерлер бөлмелері, зерттеу
бөлмелері жəне ота жасау бөлмелері сияқты
медициналық орталарда пайдалануға
арналған.
Ескерту
Өрт шығу немесе ток соғу қаупін азайту үшін
бұл құрылғыны жаңбырдың астында немесе
ылғалды жерде қалдырмаңыз.
Ток соғуды болдырмау үшін құрылғының
корпусын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын
білікті мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұл жабдықты өзгертуге рұқсат берілмейді.
Ескерту
Ток соғу қаупін болдырмау үшін, бұл
жабдықты тек жерге тұйықталған қуат
желісіне қосу керек.
Ескерту
Құрылғының қуат қосқышы жоқ.
Қуат көзін ажырату үшін штепсельді
ажыратыңыз.
Құрылғыны орнатқан кезде, бекітілген электр
схемасына оңай қол жеткізуге болатын
ажыратқышты қосыңыз немесе штепсельді
құрылғының жанындағы оңай қол жеткізуге
болатын желілік розеткаға қосыңыз.
Медициналық электр жабдығын штепсельді
ажырату қиын жерге қоймаңыз.
Құрылғыны пайдалану кезінде ақау пайда болса,
қуат көзін ажырату үшін ажыратқышты
пайдаланыңыз немесе штепсельді ажыратыңыз.
2
KZ
Өнімдердегі таңбалар
Пайдалану нұсқаулығын қараңыз
Осы белгі бар құрылғының бөлігіне
арналған пайдалану нұсқаулығындағы
бағыттарға сүйеніңіз.
Бұл белгі өндірушіні көрсетеді жəне
өндірушінің аты мен мекенжайының
жанында көрсетіледі.
Бұл белгі импорттаушыны көрсетеді
жəне импорттаушының аты мен
тіркелген кеңсесінің мекенжайының
қасында көрсетіледі.
Бұл белгі Еуропалық Қауымдастығының
өкілін көрсетеді жəне Еуропалық
Қауымдастығы өкілінің аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Бұл белгі Ұлыбританиядағы жауапты
тұлғаны көрсетеді жəне
Ұлыбританиядағы жауапты тұлғаның
аты мен мекенжайының қасында
көрсетіледі.
Бұл белгі Швейцариядағы уəкілетті
өкілді көрсетеді жəне Швейцария
уəкілетті өкілінің аты мен
мекенжайының қасында көрсетіледі.
Бұл белгі Еуропалық
Қауымдастығындағы медициналық
құрылғыны көрсетеді.
Бұл белгі өндіру мерзімін көрсетеді
жəне ол өнімге жəне/немесе орамға
YYYY-MM-DD
басып шығарылады. YYYY – жылды,
MM – айды жəне DD – күнді көрсетеді.
Бұл белгі сериялық нөмірді көрсетеді.
Бұл белгі бірегей құрылғы
идентификаторын (UDI) көрсетеді жəне
бірегей құрылғы идентификациясының
штрих-код көрсеткішінің қасында
көрсетіледі.
Сақтау жəне тасымалдау
температурасы
Бұл белгі сақтау жəне тасымалдау
орталарына арналған рұқсат берілген
температура ауқымын көрсетеді.

Advertenties

loading