140 | Қазақ
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама (E суретін қараңыз)
Қаптама қалпағын (18) электр құралын шаңсоруға қосу
алдында орнатыңыз.
Қаптаманы (18) ұстағыш жанасудан қорғанысқа (13)
кіретіндей электр құралына орнатыңыз.
Қаптаманы (18) шаңсорғышсыз жұмыс істеу және еңістік
кесік жасау үшін алып тастаңыз. Ол үшін қаптаманы алға
қарай жанасудан қорғаныстан (13) тартып алыңыз.
Шаңсорғышты жалғау (F–G суреттерін қараңыз)
Аспирациялық келте құбырды (19) тіреу тақтасының (6)
ойығына орнатыңыз.
Аспирациялық келте құбырдағы ойықтар F суретінде
көрсетілгендей тіреу тақтасының (6) тиісті саңылауына
тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Сорғыш шлангіні (20) аспирациялық келтеқұбырға (19)
енгізіңіз. Сорғыш шлангіні (20) шаңсорғышқа (керек-
жарақ) жалғаңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан
сақтайтын пластинаны (17) орнатыңыз.
Жоңқа үрлеу жабдығын шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының
u
желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын,
аралау өнімділігін және аралау суретін өңделетін
материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де
реттеуге болады.
0 деңгейі
тербеліс жоқ
I деңгей
кіші тербеліс
II деңгей
орташа тербеліс
III деңгей
үлкен тербеліс
1 609 92A 9YN | (05.02.2025)
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс деңгейін тәжірибе
әдісімен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды
ескеріңіз:
– Кесік жиек қаншалықты жұқа әрі таза болуы қажет
болса, тербеліс деңгейін соншалықты төмен таңдаңыз
немесе тербелісті толығымен өшіріңіз.
– Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде
тербелісті өшіріңіз.
– Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші
тербелісті реттеңіз.
– Жұмсақ материалдарда және ағашты аралаған кезде
максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (H суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (6) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға
қырылуы мүмкін.
Қаптаманы (18), аспирациялық келте құбырды (19) және
жарылудан сақтайтын пластинаны (17) қиғаш кесік жасау
кезінде пайдалану мүмкін емес.
– Аспирациялық келте құбырды (19) сәл жоғары итеріп,
оны тіреу тақтасынан (6) тартып шығарыңыз.
– Қаптаманы (18) және жарылудан сақтайтын
пластинаны (17) алып тастаңыз.
– Тіреу тақтасының қыспа иінтірегін (22) босатып, тіреу
тақтасын (6) желілік кабельге қарай жылжытыңыз.
– Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң
жән сол жағында бірнеше тірелу нүктесі бар. Тіреу
тақтасын (6) шкалаға (21) сәйкес қажетті күйге
қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрыштарын бұрыш өлшегіші
арқылы реттеуге болады.
– Содан кейін тіреу тақтасын (6) ара дискісіне (11)
қарай тірелгенше жылжытыңыз.
– Тіреу тақтасын реттелген күйде бекіту үшін қыспа
иінтіректі (22) жауып қойыңыз.
Тіреу тақтасын жылжыту (H суретін қараңыз)
Шетке жақын аралау үшін тіреуіш тақтаны (6) арқыға
жылжытуға болады.
Тіреу тақтасының қыспа иінтірегін (22) ашып, тіреу
тақтасын (6) желілік кабельге қарай тірелгенше
жылжытыңыз. Тіреу тақтасын бекіту үшін қыспа иінтіректі
жауып қойыңыз.
Жылжытылған тіреу тақтасында (6) тек 0° еңіс
бұрышында аралауға болады. Оған қоса жарылудан
сақтайтын пластинаны (17) пайдалануға болмайды.
Жоңқа үрлеу құрылғысы
Жоңқа үрлеу жабдығыдан ауа ағынымен кесік сызығын
жоңқалардан бос сақтауға болады.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын жоңқаның үлкен
шығарылымымен ағаш, пластик және т.с.с. бойынша
жұмыс істеу үшін қосыңыз. Ол үшін реттегіш қосқышты
(7) "I" күйіне жылжытыңыз.
Жоңқаны үрлеп шығару құрылғысын металл бойынша
жұмыс істеу үшін және шаңсорғыш жалғанған кезде
өшіріңіз. Ол үшін қосқышты (7) "0" күйіне жылжытыңыз.
Bosch Power Tools