Ажарлау тәрелкесін алмастыру (C–D
суреттерін қараңыз)
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (5) бірден
алмастырыңыз.
Ажарлағыш төсемді немесе жылтыратқыш құралды
тартып шығарыңыз. Төрт бұранданы (10) толық бұрап
шығарыңыз да, ажарлау тәрелкесін (5) алып тастаңыз.
Жаңа ажарлау тәрелкесінің (5) жоғарғы бетін тазалаңыз.
Суретте сұр түсті штрих түскен сыртқы шеңберді
синтетикалық маймен жұқа майлаңыз.
Жаңа ажарлау тәрелкесін (5) орнатып, төрт бұранданы
қайта бұрап бекітіңіз.
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесінің ұстағышы, тек
Bosch электр құралы үшін өкілетті сервистік қызметі
арқылы алмастырылуы керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы
өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін
шаңсорғышты пайдаланыңыз.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен (F–H суреттерін
қараңыз)
Шаң қорабын (4) үрлегіш штуцерге (12) жылжытыңыз.
Шаң қорабының жайы (4) мөлдір контейнер арқылы оңай
бақыланады.
Шаң қорабын (4) босату үшін жай бұрап артқа тартыңыз.
Сүзгі элементін (13) шаң қорабынан (4) бұрап алыңыз.
Шаң қорабын босатыңыз.
Сүзгі элементін (13) жай қатты тақтаға соққылап, шаңды
алып қойыңыз. Сүзгі элементінің (13) тілімшелерін
жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.
Нұсқау: Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін шаң
қорабын (4) уақытында босатып, сүзгі элементін (13)
жүйелік түрде тазалаңыз.
Тік аймақтарда жұмыс істегенде электр құралының шаң
қорабын (4) төменге көрінетін етіп ұстаңыз.
Bosch Power Tools
Сыртқы сорғыш (I суретін қараңыз)
Сору адаптерін (15) (керек-жарақ) сорғыш шлангіге (14)
(керек-жарақ), шерту дыбысымен тірелетіндей, енгізіңіз.
Сору адаптерін (15) электр құралындағы үрлеп шығару
келте құбырымен (12) және сорғыш шлангіні (14)
шаңсорғышпен (керек-жарақ) байланыстырыңыз.
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу
әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет.
Денсаулыққа зиян, обыр туғызатын немесе құрғақ
шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Ажыратқыш
Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу
u
мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралын іске қосу үшін ажыратқышты (1) алға
жылжытыңыз да, ауыстырып-қосқышта "1" көрсетілуі
тиіс.
Электр құралын өшіру үшін ажыратқышты (1) артқа
жылжытыңыз да, ауыстырып-қосқышта "0" көрсетілуі
тиіс.
Тербелістер санын алдын ала таңдау (UniversalOrbit
18V-20)
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (7) қажетті
тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1–2
төмен тербелу саны
3–4
орташа тербелу саны
5–6
жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс
жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы
анықтауға болады.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші ьербелу санында
істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары
тербелу санына қосу керек.
Қайта қозғалу сақтағышы
Кездейсоқ қосылудан қорғағыш қуаттандырудан кейін
электр құралының бақылаусыз іске қосылуын
болдырмайды.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты (1) өшірілген күйге
келтіріп, электр құралын қайта қосыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
Электр құралында кез келген жұмыс өткізбес
u
бұрын (мысалы, техникалық қызмет көрсету,
құралды алмастыру және т.б.) аккумуляторды
электр құралынан шығарып алыңыз. Ажыратқышты
кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі
туындайды.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның
u
тоқтауын күтіңіз.
Қазақ | 157
1 609 92A 8ZJ | (28.05.2024)