Download Print deze pagina

Hilti TE 500-A36 Originele Handleiding pagina 224

Generatie 04
Verberg thumbnails Zie ook voor TE 500-A36:

Advertenties

Аккумуляторды орнату
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі қысқа тұйықталудан немесе аккумулятордың құлауынан!
Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде
бөгде заттардың жоқтығына көз жеткізіңіз.
Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
1.Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
2.Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
3.Аккумулятордың аспапқа берік бекітілгенін тексеріңіз.
Аккумуляторды шығару
1.Аккумулятордың босату түймелерін басыңыз.
2.Аккумуляторды аспаптан шығарыңыз.
Аккумуляторды зарядтау
1.Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2.Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз
жеткізіңіз.
3.Аккумуляторды рұқсат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз.
Бүйірлік тұтқышты орнату
АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу қаупі Қашайтын балға басқарудың жоғалуы.
Бүйірлік тұтқыш дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз.
1.Аспапты өшіріңіз.
2.Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) босату үшін, тұтқыш бойынша
айналдырыңыз.
3.Ұстағышты (тартылмалы таспаны) алдыңғы жақтан құрал бекіткіші арқылы арнайы қарасты-
рылған гайкаға дейін жылжытыңыз.
4.Бүйірлік тұтқышты қалаулы орынға орналастырыңыз.
5.Бүйірлік тұтқыштың ұстағышын (тартылмалы таспаны) керу үшін,
айналдырыңыз.
Қуатты орнату
Аккумуляторды енгізгеннен кейін өнім әрдайым толық қуатпен жұмыс істейді.
1.«Жартылай қуат түймесін» басыңыз. Өнім жартылай қуатқа ауысады.
«Жартылай қуат индикаторы» жанады.
2.«Жартылай қуат түймесін» қайтадан басыңыз. Өнім толық қуатқа ауысады.
«Жартылай қуат индикаторы» өшеді.
Құралды орнату / алып тастау
ҚАУІПТІ
Өрт қаупі Ыстық құрал мен жеңіл жанғыш материалдар арасындағы байланыстағы қауіп.
Ыстық құралды жеңіл жанғыш материалдардың үстіне қоймаңыз.
ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі Құрал қолдану кезінде қызып кетеді.
Құралды алмастырған кезде қорғауыш қолғаптарды киіңіз.
Жарамсыз майды пайдалану нәтижесінде өнім зақымдалуы мүмкін. Тек Hilti компаниясы
ұсынған түпнұсқа жағармай қолданыңыз.
219
2
3
216
тұтқыш бойынша
2240495
*2240495*

Advertenties

loading