Шынжырлы араны тек қана оның оқшауланған
u
тұтқаларынан ұстаңыз, себебі ара шынжыры көзге
көрінбейтін электр кабелдеріне тиіп қалуы мүмкін.
Ара шынжыры кезкелген электр тоқ өткізгіш
кабелдеріне жанасып тиіп кетуі бұйымның металдан
жасалған бөлшектерін кернеу астына қойып, электр
соққысына апаруы мүмкін.
Көзді қорғайтын құралдарды киіп жүріңіз.
u
Қорғаныс құлаққаптарын, бас, қолдар мен
аяқтарды қорғайтын жеке қорғаныс құралдарын
киіп жүріп жұмыс істеуіңіз лазым. Лайықты
қорғаныс құралдарын киіп жүріп жұмыс істеу жұмыс
барысында ұшып жататын жоңкалар арқылы мен ара
шынжырын кездейсоқ түрде түртіп қалу арқылы пайда
бола алатын жарақаттану қауібін азайтады.
Шынжырлы арамен ағашта, басқышта, шатырда
u
немесе тұрақсыз тіреу құралы үстінде тұрып
жұмыс істемеңіз. Шынжырлы араны осы түрде
қолдану ауыр жарақаттануларға апара алады.
Тұрақты тұрып тұрғаныңызға әрқашан назар
u
аударып, шынжырлы араны тек қана бекем,
қауіпсіз және тегіс жер үстінде тұрғаныңызда
қолданыңыз. Сырғанақ болған табан немесе тұрақты
емес тұру жерлер теңгерімнің жоғалуына немесе
құрал басқарылуының жоғалуына апаруы мүмкін.
Кернеу астында тұрған бұтақтарды кескенде осы
u
бұтақ қатты қайтарым бере алатынына назар
аударыңыз. Ағаш талшықтарындағы кернеу
кедергісіз шыққан уақытта осы кернеу астында тұрған
бұтақ араны қолданып тұрған адамға тиіп, және/
немесе осы адамның ара үстінен бақылауды
жоғалтуына апара алуы мүмкін.
Әсіресе аласа ағаштар топтары мен жас ағаштарды
u
арамен кескенде аса сақ болыңыз. Олардың
жіңішке материалы ара шынжырында шатасып оралып
қалып, шынжырды араның өзіңізге қарай жүре қалуы
немесе өзіңізді тепе-теңдіктен шығарып жіберуі
мүмкін.
Шынжырлы араны өшіріліп қойылған қалыпта
u
алдыңғы тұтқасынан ұстап жүріп тасуыңыз лазым,
оны тасып жүргенде ара шынжыры алғы жаққа
қарап тұруы керек. Бұтақтар қиюшыды
тасымалдағанда немесе сақтағанда әрқашан оның
үстінен қорғау жапқышын жауып қою қажет.
Бұтақтар қиюшыны жұмыс барысында және
тасымалдап сақтауда ұқыпты ұстау арқылы жұмыс
істеп тұрған ара шынжырымен кездейсоқ жанасып
тиіп қалуы мүмкіншілігі азайтылады.
Майлау, шынжырлар кернеуі мен
u
толымдаушыларды ауыстыру бойынша
нұсқауларды ұстана отырып әрекет етіңіз.
Лайықсыз түрде керілген немесе майланған
шынжырлар жыртылып кете алады немесе қайта
соққы қауібін арттыра алады.
Тек қана ағаш кесу үшін. Шынжырлы араны
u
мақсатталмаған жұмыстар үшін қолданбаңыз.
Мысалы: Шынжырлы араны металл, пластмасса,
Bosch Power Tools
тас қалаулары немесе ағаштан жасалмаған
құрылыс материалдарын кесу үшін қолданбаңыз.
Шынжырлы араны мақсатталмаған жұмыстар үшін
қолдану қауіпті жағдайларға апаруы мүмкін.
Осы шынжырлы ара ағаштарды кесу үшін
u
мақсатталмаған. Шынжырлы араны мақсатталмаған
басқа жұмыстар үшін қолдану құрал қолданушысы
немесе оның айналасында тұрған адамдардың ауыр
түрде жарақаттанып қалуына апара алады.
Құралда жиналып қалған шөпті құралдан алып
u
тастағанда, шынжырлы араны сақтауға қойғанда
немесе оны тазалағанда не жөндегенде әрқашан
осы құжат бойынша берілген нұсқауларға сай
әрекет етіңіз. Алдымен құралдың Қосу/Өшіру
түймешігі өшіріліп және батареясы шығарылып
қойылғанын тексеріп алыңыз. Құралда жиналып
қалған шөпті алып тастаған уақытта немесе құралда
тазалау не жөндеу жұмыстарын өткізіп жатқанда
шынжырлы араның іске қосыпып қалуы ауыр
жарақаттарға апара алады.
Кері соққының пайда болуы себептері мен оларды
u
болдырмау жолдары:
– Жүргізу шинасының ұшы кез келген бір затқа
жанасып тигенде немесе ағаш бүгіліп, ара шыншыры
кесілген жерде қысылып тұрып қалғанда кері
соққының пайда болуы мүмкін.
– Кейбір кездерде, жүргізуші шинасының ұшын түртіп
қалу кездейсоқ артқа қарай бағытталған реакцияға
апарып, осы реакция салдарынан жүргізу шинасы
жоғарыға қарай және қолданушы бағытына қарай
соғылып апарылуы мүмкін.
Ара шынжыры жүргізу шинасының ұшында қысылып
қалуы шинаны дереу қолданушы бағытына кері итеріп
жіберуі мүмкін.
– Осы реакциялардың әрқайсысы ара ұстау мен
қолдану бойынша бақылауды жоғалтып, қатты
жараланып қалуыңызға апаруы мүмкін. Тек қана
шынжырлы ара ішіне құрастырылып орнатылған
қауіпсіздік құрылғылар жүйесіне сүйенбеуіңіз лазым.
Шынжырлы ара пайдаланушы ретінде өзіңіз, апаттар
мен жарақаттануларға жол бермей жұмыс істей алу
үшін түрлі сақтандыру шараларын қолданып жүруіңіз
лазым.
Кері соққы шынжырлы араны қате немесе жаңылыс
түрде пайдалану салдарынан пайда болады. Төменде
көрсетілгендей, лайықты қауіпсіздік шараларын
қолдану арқылы осы кері соққының пайда болуына
жол берілмейтін болады:
Қолдарыңыздың басбармақтары мен бармақтары
u
шынжырлы араның тұтқалары айналасынан бекем
ұстап отыра, араны екі қолыңызбен бекем
ұстаңыз. Денеңіз бен қолдарыңызды кері соққы
күштеріне қарсы тұрып, төзе алатындай тұрысқа
қойыңыз. Лайықты шаралары қолданылғанда құрал
пайдаланушысы кері соққы күштеріне қарсы тұрып,
төзе алады. Шынжырлы араны ешқашан
қолдарыңыздан босатып шығарып жібермеңіз.
Қазақ | 247
F 016 L94 910 | (13.12.2024)