Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Bosch GKE 18V-40 Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 255

Inhoudsopgave
Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 85
Араның кері соғуы (G суретін қараңыз)
Кері соққы туралы негізгі ақпаратты білу арқасында
жазатайым оқиғаларға апара алатын кері соққының
ықтималдығын азайтуға болады.
Әрқашан жерде тұрақты түрде тұрғаныңызға және тепе-
теңдікті жоғалтпауыңызға көз жеткізіңіз.
Араның кері соғуы деген ұғым жұмыс істеп тұрған
араның, шапқы ұшы кесілетін өнімді түртіп қалғанда
немесе ара қысылып ілініп қалғанда пайда болатын,
жоғарыға және артқа қарай кездейсоқ соға бастауын
білдіреді.
Араның кері соққысы пайда болғанда шынжырлы ара
күтпеген түрде әрекеттене бастап, қолданушының немесе
арамен кесу жұмысы өткізіліп жатқан аумақта тұрған
басқа адамдардың ауыр жарақаттануына апара алады.
Әсіресе арамен көлденең және қиғаш бағытта, сондай-ақ
бойлық кесулерді арамен кескенде ерекше назар
аударыңыз. Осындай кесулерді жасағанда әдетте тісті
таяныш тірегі (9) қолданыла алынбайды.
Кері соққы қаупін азайту үшін, келесі қауіпсіздік
шараларын ұстаныңыз:
– Әрқашан шынжырлы араның дұрыс пайдаланылуына
назар аударыңыз.
– Кері соққы пайда болған жағдайларда шынжырлы ара
бойынша басқаруды жоғалтпау үшін, шынжырлы
араны нық ұстап тұрып, сол жақ қолыңызды шымыр
түрде ұстаңыз.
– Арамен кесу жұмыстары өткізілетін аумақта ешбір
бөгеттердің болмауына көз жеткізіңіз. Шапқының ұшы
ешбір ағаш діңгегіне, бұтаққа, дуалға немесе Өзіңіз
арамен жұмыс істеу барысында тиіп қалатындай басқа
бір бөгетке жанасып қалмауына көз жеткізіңіз.
Нұсқау: Шапқының ұшы кез келген бір бөгетпен жанасып
қалуы кері соққының пайда болуына апаруы мүмкін.
– Әрқашан шынжырлы араның толық жылдамдығымен
кесіңіз. Қосу/Өшіру түймесін (2) толығымен басып,
біркелкі кесу жылдамдықпен жұмыс істеңіз.
– Тек қана Bosch арқылы ұсынылған қосалқы
шапқыларын және кері соққы қаупі төмен болған
шынжырларды пайдаланыңыз.
Кері соққы тежеуіші
Кері соққы тежеуіші - кері соққы пайда болғанда, кері
соққы тежеуішін белсендіру үшін арналған иінтірек (5)
арқылы қол білегімен белсендірілетін қауіпсіздік
механизмі. Ара шынжыры дереу тоқтатылады. Осының
Қателерді белгілеу
Электр бұйымыңыз қалыпты түрде жұмыс істемей тұрған жағдайларда төменде берілген қателер симптоматика
бойынша кестесі мүмкін болған себептерін белгілей отырып, оларды шешу үшін жолдар мен шараларын көрсетеді.
Қателер мен бөгеттерді осы кесте бойынша белгілеп жоя алмасаңыз, техникалық көмек беретін лайықты сервис
орталығымен хабарласыңыз.
Назар аударыңыз: Қателерді белгілеу бойынша жұмыстарды өткізу алдынан алдымен электр бұйымын өшіріп
қойып, оның ішіндегі батареясын шығарып алыңыз.
Bosch Power Tools
арқасында кері соққы арқылы пайда болатын
жарақаттану қаупі азайтылады.
Кері соққы тежеуіштің функционалдығын жүйелі түрде
тексеріп жүріңіз.
– Шынжырлы араны екі қолыңызбен бекем ұстаңыз.
– Шынжырлы араны іске қосыңыз.
– Ара шынжыры айналып тұрса, кері соққы тежеуішін
(5) белсендіру үшін, иінтіректі қол білегіңізбен алға
қарай басыңыз. Осы тексеру барысында ара
шынжыры дереу тоқтамаса, шынжырлы араны
пайдаланбаңыз.
Нұсқау: Қалыпты түрде пайдалану барысында, кері
соққы тежеуіштің иінтірегін (5) әдейі басу арқылы
шынжырлы араны тоқтатпаңыз.
Ағаш діңгектерін арамен кесу (H суретін
қараңыз)
– Діңгектерді арамен кесу алдынан оларды әрқашан
қауіпсздендеріп бекітіп алыңыз.
– Діңгектің қысылып қалуына немесе ара шынжырының
сыналануына жол бермеу үшін, діңгектерді әрқашан
белгіленген қауіпсіздендіру нүктелері үстінен кесіңіз.
– Ара шынжыры ешқашан жер немесе кесу
жабдықтарына тиіп қалмауына көз жеткізіп жүріңіз.
– Сүрініп қалу қауібіне апара алу себебінен ағаш
түбірлеріне, бұтақтарға, тамырларға және т.б. назар
аударыңыз.
Ағашты кернеу астында арамен кесу (I суретті
қараңыз)
– Кернеу астында тұратын ағаш өнімдерін, бұтақтарды
және ағаштарды арамен кесу жұмыстары тек қана
арнайы білімі және тәжірибесі бар мамандар арқылы
өткізілуі тиіс. Аса сақ болуыңыз қажет. Жазатайым
апаттардың қауібі артады.
Бұтақта немесе ағашта бұтақшаларды кесу (J
суретті қараңыз)
– Бұтақшаларды кесу деген ұғым шабылып құлатылған
ағаштан немесе ірі бұтақтан бұтақшаларды кесіп алуды
білдіреді.
– Ағашты тіреп тұратын үлкенірек, төменге қарай
бағытталған бұтақтарды жұмыс барысы басында
кеспей ағашта қалдырыңыз.
– Шағын бұтақшаларды бір кесу әрекетте кесіп алып
тастаңыз.
Қазақ | 255
F 016 L94 910 | (13.12.2024)
Inhoudsopgave
loading

Inhoudsopgave