Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Bosch GKE 18V-40 Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 253

Inhoudsopgave
Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 85
қолдануы немесе бар болған май көлемі керекті
деңгейден төмен болғаны ара шынжырдың бұзылуына
апарады.
Май резервуарын толтыру үшін төмендегідей әрекет
етіңіз:
– Шынжырлы араны май резервуары қақпағымен (17)
лайықты төсем үстінен жоғарыға қарай қаратып
қойыңыз.
– Май резервуары қақпағы (17) айналасындағы
аумақты тазалаңыз. Ласталған жерлерді тазалау үшін,
таза шүберекті пайдаланыңыз.
– Май резервуарының қақпағын (17) сағат тілі бағытына
қарсы бұрыңыз.
– Май резервуарын ара шынжыры үшін арналған
арнайы маймен абайлап толтырыңыз.
– Шынжырлы араларға арналған майларын құю
барысында май резервуарына ешбір лас немесе бөтен
заттардың түсіп қалмауына көз жеткізіңіз.
– Май резервуарының қақпағы (17) шынжырлы араға
бекітілген. Маймен толтыру барысында май
резервуарының қақпағы май резервуарының құю
саңылауын бұғаттап тұрмауына көз жеткізіңіз.
– Жұмыс уақыттағы май деңгейін май деңгейін бақылау
терезі (18) арқылы бақылауыңызға болады. Май ең
төмеңгі деңгейіге жеткенде, жаңа май құйып
толтырыңыз.
– Май резервуарының қақпағын (17) орнатып, нық
тартып қойыңыз.
Нұсқау: Ең оңтайлы нәтижеге қол жеткізу үшін, әрқашан
тек қана шынжырлы араларға арналған майды
пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген майларды пайдалану
май жүйесінің жұмысына жағымсыз түрде әсер етіп,
кепілдіктің жойылуына апаруы мүмкін.
Ара шынжырын майлау (E3 суретін қараңыз)
Ара шынжырының қызмет ету мерзімі мен кесу өнімділігі
оның майлану оңтайлығына байланысты болады.
Сондықтан ара шынжыры май бүріккіші (6) арқылы іске
қосылып қолданылған уақытта автоматты түрде ара
шынжыры үшін арналған арнайы майымен майланып
отырады.
Ара шынжырының дұрыс майлануын жүйелі түрде
тексеріп жүріңіз:
– Шынжырлы араны, оның май резервуары
толтырылған қалыпта болғанда, шапқы ұшымен ашық
түсті бір аумаққа бағытталған түрде ұстаңыз.
– Электр құралды шамамен 1 минут бойы қосылған
түрде істетіңіз немесе оны май ашық түсті аумақта
көрілгенінше дейін істетіңіз.
– Май көрілмесе, қателерді анықтауды "Ара шынжыры
құрғақ" қатесін қараңыз.
– Майлы жүйесі одан кейін де дұрыс істемей тұрса,
Bosch компаниясының клиенттерге қызмет көрсету
орталығына жүгініңіз.
Назарыңызда болсын: Май фильтрі май резервуары
ішіне кіріктірілген. Тазалау немесе қателерді жою
Bosch Power Tools
сұрақтары бойынша Bosch компаниясының техникалық
қызмет көрсету орталығымен хабарласыңыз.
Назарыңызда болсын: Төмен температураларда май
тұтқыр болып кетіп, осының салдарынан май өнімділігінің
деңгейі төмендеп кетеді.
Басқару
Пайдалану алдынан әрқашан алдымен пайдалану
u
бойынша нұсқаулығын және қауіпсздік бойынша
нұсқауларды оқып шығыңыз.
Әрқашан лайықты киім мен жеке қорғаныс
u
құралдарын киіп жүріңіз.
Құралды пайдалану алдынан алдымен талап
u
етілетін күтім жұмыстарын өткізіңіз.
Пайдалану алдынан әрқашан алдымен құрал және
u
шынжырдың күйін, май көлемін және құрал
бөлшектерінің дұрыс құрастырылғанын тексеріп
алыңыз. Шынжырлы араны, оңың күйі мінсіз
түрде болғанда ғана пайдаланыңыз.
Әрқашан жұмыс айналасының құрғақ және ешбір
u
кедергісіз болуын және құрал айналасында
жұмысқа қатысы болмаған ешбір адамдар
болмағанына көз жеткізіп жүріңіз.
Қауіпсіз түрде тұрып тұрғаныңызға әрқашан назар
u
аударып, шынжырлы араны тек қана бекем,
қауіпсіз және тегіс жер үстінде тұрғаныңызда
қолданыңыз.
Шынжырлы араны ешқашан басқышта тұрып
u
немесе иық биіктігінен жоғары ұстап қолданбаңыз.
Ешқашан арамен бірден тым құлаштап сермеу
u
арқылы әрекет етпеңіз немесе қолдарыңызды
жан-жаққа созып жұмыс істемеңіз.
Шынжырлы араны әрқашан екі қолыңызбен бекем
u
ұстап жүріңіз.
Шынжырлы араны жерге жатқызып қойылған
u
қалыпта қалдырмаңыз. Сүріну қаупі!
Жұмыс барысында темекі тартпаңыз және жұмыс
u
аумағына ешбір түрде от немесе жалын түсуіне
жол бермеңіз. Шынжырлы араның шаңы тез
жаңғыш бола алады.
Құралдың автоматты түрде өшірілгенінен кейін
u
Қосу/Өшіру түймесін баспаңыз. Басқаша әрекет
еткеніңізде аккумулятор бұзылып қалуы мүмкін.
Нұсқау: Шынжырлы ара майымен толтырылмаған күйде
жеткізіледі. Шынжырлы араны тек оның май
резервуарын алдымен шынжырға арналған маймен
толтырып алғаннан кейін ғана пайдаланыңыз.
Шынжырлы араны қате түрде тураланған немесе
u
қате керілген шынжырмен пайдалану шынжырдың
үзіліп қалуына, кері соққыға және/немесе
жарақаттануға апара алады.
Жаңа ара шынжырлары алғашқы рет іске
u
қосылуында айтарлықтай ұзаруы мүмкін.
Қазақ | 253
F 016 L94 910 | (13.12.2024)
Inhoudsopgave
loading

Inhoudsopgave