Download Inhoudsopgave Inhoud Print deze pagina

Bosch GKE 18V-40 Oorspronkelijke Gebruiksaanwijzing pagina 252

Inhoudsopgave
Beschikbare talen
  • NL

Beschikbare talen

  • DUTCH, pagina 85
252 | Қазақ
– Тікелей күн сәулелері түсе алатын жағдайларда
аккумуляторды бақ электр бұйым ішінде
қалдырмаңыз.
– Аккумуляторды сақтау үшін ең оңтайлы температура
деңгейі болып 5 °C саналады.
– Аккумулятордың желдету саңылауларын жұмсақ, таза
және құрғақ қылшақпен анда-санда мұқият тазалап
жүріңіз.
Қуаттандырылғанынан кейін жұмыс циклдарының
айтарлықтай қысқарып қалуы аккумулятордың тозып
қалғанын және оны ауыстыру керектігін білдіреді.
Құрастырып орнату
Өз қауіпсіздігіңіз үшін
Ескерту! Электр құраллды күтіп жөндеу немесе
u
тазалау бойынша жұмыстарын өткізу алдынан
алдымен электр құралды өшіріп, оның ішіндегі
аккумуляторын шығарып алыңыз.
Абай болыңыз! Шынжыр өткір. Шынжырмен
u
жұмыс істегенде әрқашан қорғаныш қолғаптарын
киіп жүріңіз.
Шынжырлы араны ешқашан адамдар, балалар
u
немесе жануарлар жанында, сонымен қатар
алкоголь, есірткі тартқаннан кейін немесе еліткіш
дәрі-дәрмектерін ішкеннен кейін қолданбаңыз.
Шынжырлы араны тек қана оның жапқышы бекіту
u
бұрандамасымен (8) дұрыс бекітіліп қойылғанда
пайдаланыңыз.
Шапқыны орнату және ара шынжырын керу
(B1 – B4 суреттерін қараңыз)
Абай болыңыз! Ыстық қалыпта болған ара
u
шынжырын кермеңіз.
– Шынжырлы араны жапқышымен (14) лайықты төсем
үстінен жоғарыға қарай қаратып қойыңыз.
– Бекіту сомындарының (15) екеуін де жеткізілім
көлемінде болған монтаждау аспабымен (13) алып,
жапқышты (14) шығарып қойыңыз.
– Шапқыны (11) оның шүмегімен жоғарыға қарай тік
ұстай отырып, жаңа немесе қайралған ара шынжырын
(12) шапқы үшін дұрыс бағытта бекітіңіз (B1 суретін
қараңыз).
– Шынжырды керу бұрамасын (7) сағат тіліне қарсы
бағытта бұра отырып, бағыттаушы бұранды (10) солға
қарай реттеңіз. Назарыңызда болсын: Бағыттаушы
бұран (10) дұрыс бағытталып қойылмаса, шапқы
шынжырлы араға орнатыла алынбайды.
– Ара шынжыры (12) бүкіл шапқы айналасындағы
ұяшықта дұрыс орналасқанына көз жеткізіңіз.
– Ара шынжырын шынжырлы тісті дөңгелек (3)
айналасынан салып, шапқыны (11) бекіту
бұрандамасы (8) үстінен итеріңіз.
– Жапқышты (14) бекіту бұрандамасы (8) үстінен
орнатыңыз.
F 016 L94 910 | (13.12.2024)
– Бекіту сомындарын (15) бекіту бұрандамаларына (8)
орнатып, бекіту сомындарын (15) абайлап қолмен
тарта отырып, жапқышты (14) бекітіңіз. (B3 суретін
қараңыз).
– Монтаждау аспабын (13) пайдалана отырып,
шынжырды керу бұрамасын (7) сағат тілі бағытымен,
шынжыр шапқы айналасынан керілгенше дейін
бұраңыз. Ара шынжыры (12) шапқыдан (11) шамамен
6−7 мм көтеріле алынса, бұл шынжырдың дұрыс
керілгенін білдіреді.
Осыны тексеру үшін, шынжырлы араны лайықты тегіс
жер үстінен қойыңыз.
Ара шынжырын, лайықты қолғаптарды киіп,
қолыңызбен шапқы (11) үстінен, кесілім
ұзындығының ортасы жанынан ұстап, ара шынжырын
(12) шынжырлы араның салмағына қарсы аздап
көтеріңіз.
– Ара шынжыры тым қатты керілген болса, монтаждау
аспабын (13) қолдана отырып, шынжырды керу
бұрамасын (7) сағат тіліне қарсы бағытта, шынжырдың
дұрыс керу мәні орнатылғанынша дейін, бұраңыз.
Назарыңызда болсын: Ара шынжырын тым қатты
кермеңіз - тым қатты керу ара шынжырының шамадан
тыс тозуына және қызмет мерзімінің қысқартылуына
апарып, шынжыр бағыттаушысын зақымдай алады.
Назарыңызда болсын: Жаңа ара шынжырлары алғашқы
пайдалануда айтарлықтай ұзаруы мүмкін. Алғашқы екі
жұмыс сағаттарында құрал аккумуляторын шығарып
алып, ара шынжырдың кернеуін тексеріңіз.
– Бекіту сомындарын (15) монтаждау аспабымен (13)
тартып, жапқышты (14) шынжырлы араға бекітіп
орнатыңыз.
– Бекіту сомындарының (15) екеуі де жұмыс алдында
орнатылып және бекітіліп қойылғанына көз жеткізіңіз.
Ара шынжырын және шапқыны бөлшектеу
– Шынжырлы араны жапқышымен (14) лайықты төсем
үстінен жоғарыға қарай қаратып қойыңыз.
– Бекіту сомындарын (15) жеткізілім көлемінде болған
монтаждау аспабымен (13) алып, жапқышты (14)
шығарып қойыңыз.
– Шынжырды керу бұрамасын (7) монтаждау
аспабымен (13) сағат тілі бағытына қарсы бұра
отырып, ара шынжырын (12) босатыңыз.
– Шапқыны (11) бекіту бұрандамаларынан (8) босатып
шығарыңыз.
– Шынжырды жетекші шынжырлы доңғалақтан
шығарыңыз.
Май резервуарын толтыру (C суретін
қараңыз)
Нұсқау: Сатылғанда немесе жеткізіп берілгенде
шынжырлы ара арнайы ара шынжыр майымен
толтырылмаған. Шынжырлы араны қолдану алдынан
оның маймен толтырылған болуы маңызды. Шынжырлы
араны ара шынжыры үшін арналған арнайы майсыз
Bosch Power Tools
Inhoudsopgave
loading

Inhoudsopgave