6 Көгалшапқышты құрастыру
► Бас тұтқаны (1) ұстап тұрыңыз.
► Иінтіректі (2) төмен басып ұстап тұрыңыз.
► Бас тұтқаны (1) қажетті күйге келтіріп
реттеңіз.
► Иінтіректі (2) жіберіңіз және бас тұтқаның
толығымен тірелгенін қадағалаңыз.
6.2.2
Бас тұтқаны жинау
Бас тұтқаны көгалшапқышты орын үнемдеп
тасымалдау немесе сақтау үшін жинауға
болады.
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Иінтіректі басып тұрыңыз.
► Бас тұтқаны алға қарай жинаңыз.
6.3
Шөп жинағышты монтаждау,
ілу және босату
6.3.1
Шөп жинағышты монтаждау
► Шөп жинағыштың жоғарғы бөлігін (1) шөп
жинағыштың төменгі бөлігіне (2)
орнатыңыз.
► Болттарды (3) іштен саңылаулар (4)
арқылы кіргізіңіз.
Болттар шерту дыбысымен тіреледі.
► Шөп жинағыштың жоғарғы бөлігін (1) төмен
қарай басыңыз.
Шөп жинағыштың жоғарғы бөлігі шерту
дыбысымен тіреледі.
0478-121-9926-A
6.3.2
Ұзартқыш сымдар
Ұзартқыш сым пайдаланылған жағдайда,
оның қорғаныш сымы болуы тиіс және оның
тарамдары кернеуге және ұзартқыш сымның
ұзындығына қарай кемінде мынадай көлденең
қимаға ие болуы тиіс:
Фирмалық тақтайшадағы кесімді кернеу 220 В
және 240 В аралығында болса:
– Сым ұзындығы 20 м-ге дейін: AWG 15 /
1,5 мм²
– Сым ұзындығы 20 м және 50 м аралығында:
AWG 13 / 2,5 мм²
Фирмалық тақтайшадағы кесімді кернеу 100 В
және 127 В аралығында болса:
– Сым ұзындығы 10 м-ге дейін: AWG 14 /
2,0 мм²
– Сым ұзындығы 10 м және 30 м аралығында:
AWG 12 / 3,5 мм²
6.3.3
Шөп жинағышты ілу
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Лақтырманың қақпағын (1) ашып, ұстап
тұрыңыз.
► Шөп жинағышты (2) тұтқасынан (3) ұстап
алып, ілмектерімен (4) бекіткіштерге (5)
іліңіз.
► Лақтырманың қақпағын (1) шөп
жинағышқа (2) қойыңыз.
6.3.4
Шөп жинағышты ажырату
► Көгалшапқышты өшіріңіз.
► Ұзартқыш сымның жалғастырғышын
көгалшапқыштың желілік штекерінен
суырып алыңыз.
► Көгалшапқышты тегіс бетке қойыңыз.
► Лақтырманың қақпағын ашып, ұстап
тұрыңыз.
► Шөп жинағышты тұтқасынан ұстап жоғары
қарай шығарыңыз.
қазақ
339