Download Print deze pagina

Stihl GH 370.1 S Gebruiksaanwijzing pagina 502

Advertenties

– азық-түлік дайындау үшін
(мысалы, мұзды ұсақтау, мезгаға
іріктеу).
Қауіпсіздік мақсатында STIHL
компаниясы рұқсат еткен керек-
жарақтардың дұрыс орнатылымынан
басқа, құрылғы құрылымына кез келген
өзгерістер енгізуге тыйым салынады,
сонымен қатар, мұндай әрекеттер
кепілдіктің жойылуына әкеледі. Рұқсат
етілген керек-жарақтар туралы
мәліметтерді STIHL делдалынан біліп
алуға болады.
Сонымен қатар, іштен жанатын
қозғалтқыш пен электр қозғалтқыштың
айналу жиілігіне немесе қуаттылығына
әсер ететін құрылғыны қолмен
қозғалтуға тыйым салынған.
Құрылғыны зат, жануарлар мен
адамдарды, әсіресе балаларды
тасымалдау үшін пайдалануға тыйым
салынады.
Қоғамдық орындар, парктер, спорт
алаңшаларында, жолда, ауыл және
орман шаруашылығында пайдаланған
кезде өте сақ болу қажет.
4.2 Жанар-жағар май толтыру -
бензинді қолдану ережесі
Өміріңіз үшін қауіпті!
Бензин - улы әрі оңай тұтанатын
зат болып табылады.
Бензинді тек осыған арналған және
сертификатталған сыйымды
ыдыстарда (канистраларда) ғана
сақтаңыз. Сұйыққоймалардың
қақпақтарын әрқашан дұрыс бұрап
алып, дұрыс бұраңыз. Қауіпсіздік
талаптарына орай ақаулықтары бар
қақпақтарды жаңасына ауыстырған
жөн.
500
Жанармай секілді қолданыс
материалдарын пайдаға асыру және
сақтау мақсатында, сусындардың
бөтелкелері мен соған ұқсас заттарды
ешқашан қолданбаңыз. Бөтен адамдар,
әсіресе балалар, осы бөтелкенің
ішіндегісін ішіп қоюы мүмкін.
Бензинді жанып тұрған оттан,
жылу қайнарларынан және
ұшқынның басқа да ықтимал
қайнарларынан алшақ
ұстаңыз. Шылым шекпеңіз!
Жанармайды тек ашық ауада құйыңыз.
Жанар-жағар майды құйған кезде
шылым шекпеңіз.
Жанар-жағар май құяр алдында,
қозғалтқышты сөндіріңіз және
суытыңыз.
Қозғалтқышты қосар алдында оған
бензин құйыңыз. Жұмыс істеп тұрған
немесе әлі суымаған қозғалтқыштың
жанармай багын ашуға және оған
бензин құюға болмайды.
Жанармай багын артық
толтырмаңыз!
Жанармай орнының кеңеюіне
мүмкіндік беру үшін,
жанармай багын ешқашан
толтыру мойнының астыңғы
жиегінен асыра толтырмаңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты
пайдалану жөніндегі нұсқаулықтағы
қосымша нұсқауларды орындаңыз.
Егер бензин ағып кеткен болса, онда
алдымен бензинмен кірленген қабатты
тазартып болғаннан соң, қозғалтқышты
іске қосыңыз. Бензин булары
буланбағанша, оталдыратын әрекет
жасамаңыз (құрғақ шүберекпен сүртіп
жіберіңіз).
Ағып кеткен жанармайды әркез сүртіп
отырыңыз.
Егер бензин киімге тиіп кеткен болса,
киімді ауыстыру керек.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Қажет болса, жағармайы бар бакты
босату керек, бұл шара ашық ауада
жасалады.
4.3 Киім және әбзел
Құрылғымен жұмыс істеу үшін
табаны сырғанамайтын
жабық аяқ киім киіңіз. Жалаң
аяқ немесе сандалдармен жұмыс
істеуге тыйым салынған.
Жұмыс кезінде, техникалық
қызмет көрсету
жұмыстарының кезінде,
ұсақтағышты тасымалдау
кезінде және ақауларды жою кезінде
тесілу және кесілу сияқты механикалық
қауіптерден қорғаныс ретінде әрқашан
жабық манжеттері бар тесілуге және
кесілуге төзімді материалдан жасалған
тығыз қорғаныш қолғап киіп жүріңіз. Бұл
ұзын немесе тармақтанған
бұтақшаларды енгізу және техникалық
қызмет көрсету кезінде қолға жарақат
тигізу қаупін азайтады. Жарамды
қорғаныш қолғап EN 388 стандартына
немесе ұлттық нұсқамаларға сәйкес
тексерілген және оның тиісті сауда
таңбаламасы бар.
Жұмыс кезінде әрқашан
тығыз қорғаныш көзілдірігін
киіп жүріңіз.
0478 216 9908 B - KK

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Gh 370 s