STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды және
жөндеуді орындау үшін тек қана STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады және техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Осы жұмыстар өткізілмеген жағдайда
пайдаланушыны жауапкершілікке
тартатын зақымдар пайда болуы
мүмкін.
Олар мыналарды қамтиды:
– Дұрыс сақтамауға байланысты тот
басу және басқа да зақымдар.
– Түпнұсқа STIHL қосалқы бөлшектерін
емес, басқа қосалқы бөлшектерді
пайдаланудан пайда болған
зақымдар мен жанама шығындар.
– Рұқсат етілген дилерлердің
шеберханаларында орындалмаған
техникалық қызмет көрсету немесе
жөндеу нәтижесінде пайда болған
зақымдар.
14. Басқа да қосалқы
бөлшектер
Дискілі пышақ жиынтығы
6903 700 5102
Бұрылмалы пышақ (2x)
6903 702 0103
Сына тәрізді белдік
6001 704 2100
0478 216 9908 B - KK
15. Қоршаған ортаны
қорғау
Ұсақталған материал
тұрмыстық қалдықтармен
бірге тасталмауы тиіс, оны
компост жасау үшін
пайдалану қажет.
Орауыштар, құрылғы және керек-
жарақтар қайта өңдеуге болатын
материалдардан өндірілген және
сәйкесінше кәдеге жаратылуы тиіс.
Қалдық материалдарды экологияға
зиян келтірмейтіндей бөлек жинау
екіншілік шикізат материалдарын қайта
пайдалану мүмкіндігін арттырады.
Сондықтан қалыпты пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін құрылғыны екіншілік
шикізат материалдарын қабылдау
орындарына өткізу қажет. Кәдеге
жарату талаптарын сақтамау
денсаулыққа зиян келтіруі және
қоршаған ортаны ластауы мүмкін.
16. Сәйкестік бойынша
мәлімдеме
16.1 STIHL GH 370.1 S бақша
ұсақтағышының ЕО талаптарына
сәйкестігі туралы декларация
STIHL Tirol GmbH
Hans Peter Stihl-Straße 5
6336 Langkampfen
Австрия
төмендегіні толық жауапкершілікпен
жариялайды:
– Конструкция: Бақша ұсақтағышы
– Фабрика таңбасы: STIHL
– Түрі: GH 370.1 S
– Айналымның кесімді санындағы
кесімді қуат:
3,4 | 3000 кВт | /мин
– Сериялық нөмірі: 6001
2000/14/ЕС, 2006/42/ЕС, 2014/30/EU
және 2011/65/EU директиваларының
тиісті талаптарына сәйкес келеді және
төмендегі стандарттардың өндірілген
күнде жарамды болған нұсқаларына
сәйкес әзірленіп жасалды: EN 13683
және EN ISO 14982.
Есептелген және кепілді дыбыстық қуат
деңгейінің көрсеткіштері 2000/14/ЕС
директивасының V қосымшасына
сәйкес анықталды.
– Есептелген дыбыстық қуат деңгейі:
100,4 dB(A)
– Кепілді дыбыстық қуат деңгейі:
103 dB(A)
Техникалық құжаттар STIHL Tirol GmbH
компаниясының иелігінде.
Өндірілген жылы мен машина нөмірі
бақша ұсақтағышында көрсетілген.
Langkampfen, 02.08.2021
STIHL Tirol GmbH
м.а.
Matthias Fleischer, Зерттеу және
өнімдерді әзірлеу бөлімінің бастығы
515