Жарақат алу қаупі бар!
Стартер арқаны жылдам кері секіріп
кеткенде, білезік пен қол стартер
арқанының босатылуынан жылдамырақ
іштен жанатын қозғалтқыш ішіне
тартылып қалады. Мұндай кері соғу
сүйек сынығына, қысылуға және буын
шығуға апарып соғуы мүмкін.
Бензинді немесе электр моторды іске
қосқан кезде материалдарды тастауға
арналған саңылаудың алдында тұруға
болмайды. Сөндірген кезде бақша
ұсақтағышының ішінде өңделіп жатқан
материалдар қалып қоймауы тиіс. Бұл
жағдайда материал сыртқа тасталып,
адамдарға зақым келтіруі мүмкін.
Бастау кезінде құрылғыны аударуға
болмайды.
Жұмыстың басталуы:
Жарақат алу қаупі бар!
Айналмалы бөлшектерге
қолдарыңызды немесе
аяқтарыңызды тигізуге
болмайды.
Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде,
бетіңізді немесе денеңіздің басқа да
бөліктерін суарма шұңғымасының және
қалдықтарды түсіріп тастауға арналған
бұрғы құдығының үстінде ешқашан
ұстамаңыз. Басыңыз бен денеңізді
жүктеу бұрғы құдығынан әрірек ұстаңыз.
Қолыңыз, денеңіздің басқа
бөліктері немесе киіміңізді
суарма шұңғымаға немесе
қалдықтарды түсіріп тастауға
арналған бұрғы құдығының ішіне
сұқпаңыз. Көз, бет, саусақ, алақан және
т.б. мүшелерге жарақат келтірілу қаупі
бар.
0478 216 9908 B - KK
Тіреуші үстіңгі бетке үнемі сүйеніңіз
және тиісті тепе-теңдікті сақтаңыз.
Қолдарыңызды құрылғының үстінен
шығармаңыз.
Материалды салған кезде
пайдаланушы нұсқалған жұмыс
аймағында болу керек. Ұсақтағыш
жұмыс істеп тұрғанда пайдаланушы
жұмыс аймағында болуы тиіс, лақтыру
аймағында болуға тыйым салынған.
( 8.1)
Жарақат алу қаупі бар!
Құрылғының жұмысы кезінде
ұсақталған материал кері
лақтырылуы мүмкін.
Пайдаланушы бетін, көзі мен
қолын ауып жарақаттап алуы
мүмкін. Сондықтан қорғаныш
көзілдірік пен қорғаныш қолғап
( 4.3) киіңіз және басыңызды
тиеу тесігінен алшақ ұстаңыз.
Бензин немесе электр қозғалтқышы
жұмыс істеп тұрған құрылғыны
еңкейтуге болмайды.
Құрылғы жұмыс уақытында құлаған
жағдайда, электр іштен жанатын
қозғалтқышты дереу сөндіріп, от
алдыру білтесі сымының штекерін
суырып алыңыз.
Лақтырма астаушасында ұсақталатын
материалдың кептеліп қалмауын
қадағалаңыз, себебі бұл ұсақтау
нәтижесінің нашарлауына немесе кері
соққыларға алып келуі мүмкін.
Бақша ұсақтағышына ұсақталатын
материал салған кезде ұсақтау
камерасына металл бөлшектер, тастар,
пластик заттар, шыны және т.с.с. бөтен
заттардың салынбауын қадағалаңыз,
себебі бұл құрылғының зақымдануына
және тиеу шұңғымасынан кері
соққылардың берілуін алып келуі
мүмкін.
Жарақат алу қаупі бар!
Пайдаланушы кері ұшқан
ұсақталатын материал мен бөтен
заттардан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Құрылғыға бөтен заттар
салмаңыз және материалдың
кептелуін бірден жөндеп
отырыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Бақша ұсақтағышына кесілген
бұтақшаларды салған кезде кері
лақтыруы мүмкін. Пайдаланушы
кері лақтырылған ұсақталатын
материалдан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Қорғаныш қолғап пен
көзілдірік ( 4.3) киіңіз!
Іштен жанатын қозғалтқышты мына
жағдайда сөндіріңіз,
– құрылғыны аударту, жылжыту
немесе тарту алдында,
– бұрандалы тығындарды босату және
құрылғыны ашу алдында,
– толтыру алдында. Құрылғыны тек
іштен жанатын қозғалтқыш
суытылған кезде толтырыңыз.
Өрт қаупі бар!
Кескіш құрал
ажыратылғаннан кейін толық
тоқтағанға дейін біршама
уақыт өтетінін естен
шығармаңыз.
Іштен жанатын қозғалтқышты сөндіріңіз,
от алдыру білтесі сымының штекерін
суырыңыз және барлық жылжымалы
құралдардың тоқтағанын күтіңіз,
– құрылғыны қалдырудың алдында,
503