Download Print deze pagina

Stihl GH 370.1 S Gebruiksaanwijzing pagina 506

Advertenties

– құрылғыны көтеріп алып,
тасымалдау алдында,
– құрылғыны тасымалдау алдында,
– бітеуіштерді немесе кескіш бөліктегі,
тиеу шұңғымасындағы немесе
лақтырманың науасындағы
қоқыстарды кетірер алдында,
– кескіш бөлікпен жұмыс істеу
алдында,
– құрылғы тексеріліп немесе
тазаланып жатқанның алдында
немесе басқа да жұмыстарды
өткізердің алдында.
Егер кескіш құралға байқаусызда бөтен
заттар салынса, құрылғыдан бөтен
дыбыстардың шыққанын немесе оның
әдеттегіден өзгеше дірілдеуін
байқасаңыз, дереу қозғалтқышты
сөндіріңіз және құрылғының
инерциялық қозғалысының тоқтағанын
күтіңіз. Оталдыру білтесі сымының
штекерін суырып алыңыз, тиеу
шұңғымасын шешіп алыңыз да, келесі
әрекеттерді орындаңыз:
– Құрылғыда, әсіресе кескіш бөлікте
(пышақ, дискілі пышақ, пышақ
бұрандамасы) зақымдану
белгілерінің бар-жоғын тексеріңіз
және құрылғыны қайта оталдырып,
онымен жұмысты жалғастырмас
бұрын кәсіби маманға қажетті жөндеу
жұмыстарын жасатып алыңыз.
– Кескіш бөліктің барлық
бөлшектерінің дұрыс бекітіліп
тұрғанын тексеріңіз, қажет болса,
бұрандамаларды қосымша бұрап
қатырыңыз (бұрап қатыру сәтін
қадағалаңыз).
504
– Зақымдалған бөлшектерді кәсіби
маманға ауыстыртып немесе
жөндетіп алыңыз, бөлшектердің
сипаттамалары бір-бірімен сәйкес
келуі тиіс.
4.7 Техникалық қызмет көрсету және
жөндеу
Тазалау-, баптау-, жөндеу- және
техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын жүргізбес бұрын:
● Құрылғыны беті қатты, тегіс жерге
қойыңыз,
● Іштен жанатын қозғалтқышты
өшіріңіз және суытыңыз,
● Оталдыру білтесі сымының
штекерін шығарыңыз.
Назар аударыңыз – жарақат
алу қаупі бар!
Оталдыру білтесі сымының штекерін
оталдыру білтесінен алшақ ұстаңыз,
себебі абайсызда шыққан ұшқын өртке,
не ток соғуға алып келуі мүмкін.
Оталдыру білтесінің оталдыру білтесі
сымының штекеріне абайсыз тиюі іштен
жанатын қозғалтқыштың тосыннан
оталып кетуіне алып келуі мүмкін.
Жұмысты бастар алдында,
қозғалтқыштың, дем шығаратын
коллектордың және шу басқыштың
аумағындағы құрылғының суығанын
күтіңіз. Температурасы 80° С және одан
да жоғары болуы мүмкін. Жану қаупі
бар!
Мотор майымен тікелей жанасу қауіпті
болуы мүмкін, оған қоса, мотор майын
төгуге болмайды.
STIHL компаниясы мотор майын құю
және мотор майын ауыстыру үшін
STIHL делдалдарына жүгінуді ұсынады.
Тазалау:
Қолданып болғаннан кейін, құрылғы
жақсылап тазартылуы керек. ( 11.2)
Ешқашан жоғары қысымды
тазалағышты пайдаланбаңыз және
құрылғыны ағынды сумен жумаңыз
(мысалы, бақшалық шлангінің
көмегімен).
Агрессивті жуғыш заттарды
пайдаланбаңыз. Бұлар пластиктің
немесе металдың зақымдалуына
әкеліп, STIHL құрылғысының қауіпсіз
жұмысына теріс әсер етуі мүмкін.
Өрттің туындау қаупін азайту үшін,
желдеткіш тесіктер, суытқыш қырлар
және пайдаланылған газдарды
шығаратын құбырдың жанында: шөп,
сабан, мүк, қураған жапырақ және ағып
кеткен майлаудың болмағанына
көз жеткізіңіз.
Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар:
Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстарды орындаңыз,
барлық басқа жұмыстарды делдал
өткізуі тиіс.
Қажетті құралдар мен білім жетіспеген
жағдайда дереу делдалға
хабарласыңыз.
STIHL компаниясы техникалық қызмет
көрсету жөніндегі жұмыстарды және
жөндеуді орындау үшін тек STIHL
делдалдарына жүгінуді ұсынады.
STIHL делдалдары тұрақты түрде
оқытуды ұсынады және техникалық
ақпаратты қамтамасыз етеді.
Аталмыш құрылғы үшін тек қана STIHL
компаниясы рұқсат еткен немесе
техникалық тұрғыдан бірдей
құралдарды, керек-жарақтар мен
аспалы жабдықтарды пайдаланыңыз,
0478 216 9908 B - KK

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Gh 370 s