Download Print deze pagina

Stihl GH 370.1 S Gebruiksaanwijzing pagina 504

Advertenties

– іштен жанатын қозғалтқыштың
барлық жанармай өткізетін
бөлшектерінің бар және дұрыс күйде
(саңылаусыз) болуын,
– бактың дұрыс күйде (саңылаусыз)
болуын,
– корпус пен кескіш құрылғының
(пышақ, пышақ білігі, дискілі
пышақтар және т.б.) тозбағанын
немесе зақымдалмағанын,
– құрылғы ішінде ұсақталатын
материалдың болмауын және тиеу
шұңғымасының бос болуын,
– барлық бұрандалардың,
сомындардың және басқа бекіткіш
элементтердің орнында болуын және
бұрап тартылғанын. Қолданар
алдында босаған бұрандалар мен
сомындарды бұрап тартыңыз
(айналу мезетін қадағалаңыз).
Құрылғыны тек ашық аспан астында,
қабырға мен басқа да қозғалмайтын
объекттерден алшақ жерде
пайдаланыңыз, жарақат алу қаупін
және мүлікті зақымдау қауіпін
төмендету үшін (пайдаланушы үшін
жеткіліксіз жұмыс аймағы, шыны
сындыру, автокөлікті сызып алу және
т.б.).
Құрылғы тегіс әрі жатық қабатты
орнықты тұруы керек.
Құрылғыны тастар мен қиыршық
тастарға орнатып пайдалануға тыйым
салынған, ұшқындайтын материалдан
жарақат алуы мүмкін.
Әр ретте бастаған кезде құрылғы тиісті
түрде жабылғандығына көз жеткізіңіз.
( 7.7)
502
Құралдағы орнатылған алмастырып-
қосқыштар мен сақтандырғыш
құрылғыларды алуға немесе қайта
қосуға болмайды.
4.6 Жұмыс барысында
Жануарлар немесе адамдар,
әсіресе балалар қауіпті
аймақта болғанда, еш
жағдайда құрылғымен жұмыс
істеуші болмаңыз.
Құрылғымен жаңбыр, күн күркірегенде
және әсіресе найзағай жарқылдағанда
жұмыс істеуге болмайды.
Су жерлерде орнықты
тұрмайтындықтан жазатайым оқиға
қаупі артады.
Жұмыс барысында сырғанап кетпеу
үшін ерекше абай болған жөн.
Мүмкіндігінше құрылғыны дымқыл
жерлерде қолданудың алдын алу керек.
Жұмысты күндіз немесе жеткілікті
дәрежедегі жасанды жарық болған
жағдайда ғана орындаған жөн.
Жұмыс барысында жұмыс аймағында
өзге заттар мен батпақ болмау керек.
Сүрініп кетуге болатын барлық
заттарды алып тастаңыз: тастар,
бұтақтар, сымдар және т.б.
Пайдаланушының орны ұсақтағышты
орналастырған орыннан жоғары
болмауы тиіс.
Пайдаланылып болған газ:
Улану арқылы өлім қауіп-қатері
бар!
Жүрегіңіз айныған, бас ауырған,
көру қабілетіңіз нашарлаған
(мысалы, көру ауқымы азайса),
есту қабілетіңіз нашарласа,
басыңыз айналса, зейін қою
қабілеті төмендесе, жұмысты
дереу тоқтатыңыз. Бұл
симптомдар жанатын өнімдердің
жоғары мөлшеріне байланысты
болуы мүмкін.
Қозғалтқыш әзірше істеп
тұрғанша құрылғы
пайдаланылып болған газды
шығарады. Бұл газдардың
құрамында улы көміртегінің қос тетігі,
түссіз және иіссіз газ, және басқа да
зиянды заттар бар. Қозғалтқышты
жабық және нашар желдетілетін үй-
жайларда ешқашан да қосуға
болмайды.
Құрылғыны шығатын газ бағытына
қарсы жұмыс істемейтіндей
орналастыру керек.
Іске қосу:
Іске қосар алдында құрылғыны сенімді
вертикалды күйде орналастырыңыз.
Горизонталды күйде пайдалануға
тыйым салынған.
Құрылғы дұрыс емес жабылған және
пышақ бос тұрғанда стартер арқанынан
тартпаңыз.
Айналатын пышақтан жарақат алу
қаупі бар!
Құрылғыны абайлап іске қосыңыз –
«Құрылғыны іске қосу» ( 10.)
бөліміндегі нұсқауларды орындаңыз.
Аталған нұсқауларға сай іске қосу
жарақат алу қаупін азайтады.
0478 216 9908 B - KK

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Gh 370 s