Download Print deze pagina

Stihl GH 370.1 S Gebruiksaanwijzing pagina 507

Advertenties

әйтпесе адамдарға зақым келтіру
немесе құрылғының бұзылу қаупі
туындайды. Сұрақтар болған жағдайда
делдалға хабарласыңыз.
STIHL компаниясының түпнұсқа
құралдары, керек-жарақтары мен
қосалқы бөлшектері өз қасиеттері
бойынша құрылғы үшін оңтайлы және
пайдаланушының талаптарына сай
келеді. STIHL түпнұсқа қосалқы
бөлшектерін STIHL қосалқы бөлшек
нөмірі, STIHL атауы және қажет
болғанда STIHL қосалқы бөлшек коды
бойынша анықтауға болады. Ұсақ
бөлшектерде тек бөлшек нөмірі ғана
болуы мүмкін.
Қауіпсіздік түсінігіне орай, жанармай
беру жүйесімен байланысты барлық
бөлшектердің (жанармай құбырлары,
жанармай шүмегі, жанармай багы, бак
қысқышы, жалғағыштар) зақымдалған
және тамшылайтын жерлерін үнемі
тексеріп тұрып, қажет болған жағдайда,
оларды ауыстыру үшін маманды
шақырыңыз (STIHL компаниясы STIHL
делдалдарының қызметіне жүгінуді
ұсынады).
Ескерту және нұсқау жапсырмалары
әрқашан таза және оқылатын күйде
болуы керек. Зақымдалған немесе
жоғалған жапсырмаларды STIHL
делдалдарының жаңа түпнұсқа
жапсырмаларына ауыстырыңыз.
Бөлшекті жаңасына ауыстырған кезде,
жаңа бөлшекте дәл сондай
жапсырманың бар болғанына көз
жеткізіңіз.
Кескіш бөлікпен жасалатын
жұмыстарды тек қорғаныш
қолғаптармен ( 4.3) және ерекше
сақтықпен орындаңыз.
0478 216 9908 B - KK
Құрылғы қауіпсіз пайдаланатын күйде
болуы үшін, барлық сомындар,
бұрандалар мен бұрандамалар, әсіресе
кескіш бөліктің барлық бұрандамалары
мықтап тартылған.
Құрылғыны тозу белгілері мен
зақымдардың болуына тұрақты тексеріп
отырыңыз, әсіресе ұзақ уақыт
пайдаланбай қоятын кезде
(мысалы, қыс мезгілінің алдында).
Қауіпсіздік түсінігіне орай, тозған және
зақымданған бөлшектерді дереу
ауыстыру керек, соның арқасында
құрал қауіпсіз әрі қалыпты қолданыс
жағдайында болады.
Қозғалтқыштың негізгі реттелген күйін
ешқашан өзгертпеңіз және оны тым
жоғары айналыстарда қолданбаңыз.
Егер техникалық қызмет көрсету кезінде
қандай да бір бөліктер немесе
қорғаныш құрылғылары алынып
тасталса, нұсқаулықтың талабына
сәйкес оларды орнына орнату қажет.
4.8 Ұзақ мерзім бойы сақтау
Шапқышты жабық үй-жайға апарар
алдында, моторды суытыңыз.
Жағармай багы босатылған шапқышты -
жабылатын және жақсы желдетілетін
үй-жайда сақтаңыз.
Оқымаған адамға (мысалы, балаларға)
ұсақтағышпен жұмыс істеуге тыйым
салынған.
Багында бензині бар құрылғыны
ғимараттың ішінде ешқашан
сақтамаңыз. Пайда болатын бензин
булары, жанып тұрған отпен немесе
ұшқынмен түйісіп, кейін тұтанып кетуі
мүмкін.
Жанармай багын босату қажет
болғанда (мысалы , қысқы үзіліске
қолданыстан шығару), жанармай багын
тек таза ауада босатыңыз (бакты,
мысалы , іштен жанатын қозғалтқышты
оталдыру арқылы таза ауада
босатыңыз).
Ұзақ уақыт сақтау алдында
(мысалы, қыс айларында) құрылғыны
мұқият тазарту қажет.
Шапқышты сақтағанда, ондағы
тұтандыру білтесінің түйіспелі ұштығын
алып шығарып қойыңыз.
Құрылғыны тек жұмысқа жарамды
күйінде ғана пайдаланған жөн.
Бос жатқан пышақтан жарақат
алу қаупі бар!
Бақша ұсақтағышын тек
орнатылған тиеу шұңғымасымен
сақтаңыз.
4.9 Пайдаға асыру
Ескі май немесе жанармай сияқты
қалдықтар, қолданылып болған
материалдар, сүзгілер, аккумуляторлар
және басқа да тез тозатын бөлшектер
адамға, жануарларға және экологияға
зиян келтіруі мүмкін, сондықтан тиісті
тұрпатта кәдеге жаратылуы керек.
Қалдықтарды қалайша кәсіби түрде
пайдаға асыруға болатындығын білу
үшін қайта өңдеу орталығыңызға
немесе делдалдарға жүгініңіз. STIHL
компаниясы STIHL делдалдарын
ұсынады.
Ауыстырылған агрегат нұсқаулыққа
сәйкес пайдаға асырылатынына көз
жеткізіңіз. Пайдаға асырар алдында,
агрегатты қолданысқа жарамсыз етіңіз.
Жазатайым уақиғалардан қорғану
505

Advertenties

loading

Deze handleiding is ook geschikt voor:

Gh 370 s