Жарамды қорғаныш
көзілдірігінің механикалық
беріктігі EN 166 стандарты
немесе ұлттық нұсқамаларға
сәйкес тексерілген және оның тиісті
сауда таңбаламасы бар.
Жұмыс істеген кезде әрдайым
қорғаныш құлаққаптарын киіп
жүріңіз.
Жарамды қорғаныш
құлаққаптары EN 352
стандарты немесе ұлттық
нұсқамаларға сәйкес
тексерілген және оның тиісті сауда
таңбаламасы бар.
Екеуін де жұмыс аяқталғанша киіп
жүріңіз.
Құрылғымен жұмыс істеген
кезде денеге жабысып
тұратын сәйкес киім киіңіз,
мысалы, жұмыс халатының
орнына комбинезон. Ұсақтағышпен
жұмыс істегенде шәлі тарту, галстук,
әшекейлер тағуға, бос жіберілген
ленталар мен басқа да сыртқа шығып
тұратын киім элементтерін киюге тыйым
салынады.
Аспаппен жұмыс істегенде, және де
оған қызмет көрсеткенде ұзын
шаштарды байлап, бас киім (жаулық,
кепка және т.б.) астына жасыру қажет.
4.4 Құрылғыны тасымалдау
Құрылғының үшкір және ыстық
бөліктерінен жарақат алмау үшін тек
қорғаныш қолғаптармен ғана ( 4.3)
жұмыс істеңіз.
Қозғалтқышы қосулы тұрған құрылғыны
тасымалдамаңыз. Тасымалдар
алдында қозғалтқышты сөндіріңіз,
0478 216 9908 B - KK
пышақтың тоқтауын күтіңіз және
түйіспелі оталдыру білтесін суырып
алыңыз.
Қозғалтқыш суыған және жағармай багы
босатылған кезде ғана шапқышты
тасымалдаңыз.
Құрылғыны тек тиісінше орнатылған
тиеу шұңғымасымен тасымалдаңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Пайдаланушы бос жатқан
пышақтардан жарақат алуы
мүмкін.
Әсіресе еңкейту кезінде құрылғының
салмағын ескеріңіз.
Сай келетін жүктеу механизмдерін
(жүктеу тұғырнамаларын, жүк көтергіш
қондырғыларды) пайдаланыңыз.
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықта
көрсетілген орындарды пайдалана
отырып, ұсақтағышты сәйкес келетін
құралдармен (баулармен, қайыстармен
және т.б.) бекіту керек. ( 12.3)
Құрылғыны тек жүріс жылдамдығымен
тартуға немесе тасуға болады.
Сүйретпеңіз!
Құрылғыны тасымалдау кезінде, атап
айтсақ, жүктеу тұғырнамаларында
жүктің және тасымалданатын заттың
қауіпсіздігіне қатысты жергілікті
заңдардың талаптарын орындау қажет.
4.5 Жұмысты бастамас бұрын
Құрылғыны пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты оқып шыққан адамдар
ғана пайдаланатынына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны бірінші рет қолданар
алдында орау материалы мен
тасымалдау сақтандырғыштарынан
босатыңыз.
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын жанармай жүйесінің бітеулігін
тексеріңіз, әсіресе жанармай багы,
жанармай багының қақпағы және шланг
байланыстары секілді бөліктерінде.
Жанармай ағып кеткен кезде немесе
зақым келген кезде іштен жанатын
қозғалтқышты қосуға тыйым салынады
– бұл өртке әкелуі мүмкін!
Құрылғыны қолданысқа енгізуден
бұрын оны арнайы мамандандырылған
қызмет көрсету орталығында жөндеу
керек.
ІЖҚ мен электр қозғалтқышпен
жабдықталған бақ аспаптарын
пайдалану ережелерін сақтаңыз.
Құрылғыны пайдаланар алдында
ақаулы, сондай-ақ тозған және бүлінген
бөлшектерді алмастыру қажет.
Құрылғыдағы анық емес немесе
зақымдалған қауіп және ескерту
белгілерін жаңартыңыз. Өз
қалаңыздағы STIHL делдалында
қосалқы жапсырмалар мен барлық
басқа қосалқы бөлшектер қолжетімді.
Жарақат алу қаупі бар!
Тозған немесе зақымдалған
бөлшектер (мысалы, өтпей
қалған пышақтар) құрылғының
қауіпсіздігіне кері әсер етуі және
пайдаланушының
жарақаттануына алып келуі
мүмкін.
Қолданысқа енгізер алдында
келесілерді тексеру және қамтамасыз
ету қажет:
– қаптамалар мен сақтандырғыш
құрылғылардың өз орындарында
орналасқанын және дұрыс күйде
болуын;
501