азайса, электр немесе іштен жанатын
қозғалтқышты жүктемеден босату үшін
материал салуды тоқтатыңыз.
9. Сақтандырғыш
құрылғылар
9.1 Қозғалтқыштың тоқтауы
Іштен жанатын қозғалтқыш пен
пышақтарды қосу тек тиеу шұңғымасын
дұрыс жалғаған кезде ғана мүмкін
болады.
Жұмыс барысында қозғалтқыштағы
бұрандалы тығынды бұрап алған кезде
оталдыру үзіліп, іштен жанатын
қозғалтқыш немесе пышақтар бірнеше
секундтан кейін тоқтайды.
9.2 Қорғайтын жабын
Материалды салу және тастау
аймағында аспап, қорғаушы
жабдықтармен жабдықталған. Оларға
мыналар жатады: жоғарғы бөлігі мен
шашыратқыш панельдері бар суарма
шұңғыма, қоқыстарды түсіріп тастауға
арналған ұзартылған шығыңқы жер
және тастауға арналған жапқыш.
Қорғаушы құрылғылар жұмыс
барысында ұсақтағыштың
пышақтарына дейінгі қауіпсіз
қашықтықты қамтамасыз етеді.
10. Қолданысқа енгізу
Жарақат алу қаупі бар!
Іске қосу алдында «Қауіпсіздік
шаралары» тарауын мұқият оқып
шығыңыз. ( 4.)
510
10.1 Іштен жанатын
қозғалтқышты іске қосу
●Май мен
жанармай күйін
тексеріңіз. ( 7.9)
●Қосқышты (1) I
позициясына орнатыңыз.
● Стартер арқанын (2) қысылуға
қарсылық туындамағанша баяу
тартып тұрыңыз да, содан кейін қол
созылым қашықтыққа дейін күшпен
тартыңыз.
Стартерді дұрыс орау үшін, арқанды
жайлап артқа қайтарыңыз.
Іштен жанатын қозғалтқыш іске
қосылмайынша бастапқы әрекетті
қайталай беріңіз.
10.2 Іштен жанатын
қозғалтқышты сөндіру
●Қосқышты (1) O
позициясына орнатыңыз.
Инерция бойынша
қимылдау уақытынан
кейін іштен жанатын
қозғалтқыш немесе шөпті ұсақтайтын
құрылғы тоқтайды.
10.3 Ұсақтау
● Бақша ұсақтағышын беті тегіс және
қатты жерге қойып, сенімді етіп
орналастырыңыз.
● Қорғаныш қолғаптар, қорғаныш
көзілдірігі мен қорғау құлаққаптарын
киіңіз. ( 4.3)
● Түсіріп тастауға арналған жапқышты
ашу. ( 7.4)
● Бақша ұсақтағышын қосыңыз.
( 10.1)
15
● Іштен жанатын қозғалтқыш
максималды айналу жылдамдығына
(айналымдардың үдеру саны)
жеткенше күтіңіз.
● Бақша ұсақтағышын материалға
толтырыңыз. ( 8.5)
● Жұмыстан кейін бақша ұсақтағышын
өшіріңіз ( 10.2) және тазалаңыз.
( 11.2)
16
0478 216 9908 B - KK