Сына тәрізді белдіктің тартылуын
тексеру:
● От алдыру білтесі сымының штекерін
шығарыңыз.
● Бұрандаларды (1) бұрап босатыңыз,
бірақ толығымен шығармаңыз
(белдік қалқанында қалдырыңыз)
және белдік қалқанын (2)
шығарыңыз.
● Екі сына тәрізді белдік
шайбаларының арасын бас
бармақпен басыңыз.
Сына тәрізді белдікті шамамен 10 мм
басуға мүмкіндік болуы керек.
Сына тәрізді белдіктің тартылуын
реттеу:
● Қозғалтқыштың бұрандалы
қосылымын босату (суреті жоқ):
Қозғалтқыш бекіткішінің 3
бұрандасын босатыңыз, бірақ
шығармаңыз; гайкаларды жоғарғы
жаққа қарай ұстап тұрыңыз.
● Орнату гайкасын (3) айналдыру
арқылы сына тәрізді белдікті
тартыңыз.
● Реттегеннен кейін қозғалтқышты
бекіту бұрандаларын қайтадан
бекітіңіз және белдік қалқанын
орнатыңыз.
11.5 Мотор майын
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Майды ауыстыру үшін пайдаланылған
мотор майы мен толтырылатын май
көлемі үшін ұсынылған майды
0478 216 9908 B - KK
ауыстыру аралықтарын іштен жанатын
қозғалтқышты пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтан алуға болады.
Ағызатын тесіктің бұрандалы
тығыны:
● Бұрандаларды (1) бұрап босатыңыз,
бірақ толығымен шығармаңыз
(белдік қалқанында қалдырыңыз)
және белдік қалқанын (2)
шығарыңыз.
● Ағызатын тесіктің бұрандалы
тығынын (3) шығарыңыз және мотор
майын төгіңіз.
● Ағызатын тесіктің бұрандалы
тығынын (3) қайтадан орнатыңыз
және таза мотор майын құйыңыз.
Белдік қалқанын (2) орнатыңыз.
11.6 Сақтау шарттары
Бақ ұсақтағышын құрғақ, жабық және
таза жерде ұстау керек. құрылғы
балалардың қолы жететін жерде
тұрмағанына көз жеткізіңіз.
Бақ ұсатқышын жұмысқа жарамды
күйде және суарма шұңғымасы
орнатылған күйде сақтау керек.
Бақ ұсатқышын пайдаланбаған кезде
(қыз мезгілінде) келесі шарттарды
сақтау керек:
● Құрылғының барлық сыртқы
бөлшектерін дұрыстап тазалап
20
шығыңыз.
● Барлық қозғалмалы бөлшектерді
жақсылап майлаңыз.
● Жанармай багы мен карбюраторды
босатыңыз (мысалы, іштен жанатын
қозғалтқышты оталдыру арқылы).
● От алдыру білтесін бұрап алып,
іштен жанатын қозғалтқышқа от
алдыру білтесінің тесігі арқылы
шамамен 3 см³ мотор майын
құйыңыз. Іштен жанатын
қозғалтқышты от алдыру білтесінсіз
бірнеше рет айналдырыңыз.
Өрт қаупі бар!
От алдыру білтесі сымының
штекерін от алдыру білтесінің
тесігінен алшақ ұстаңыз (тұтану
қаупі бар).
● От алдыру білтесін қайтадан бұрап
бекітіңіз.
● Майды ауыстырыңыз ( іштен
жанатын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығы).
● Іштен жанатын қозғалтқышты
жақсылап жауып, құрылғыны құрғақ,
шаңнан қорғалған бөлмеде тік күйде
сақтаңыз.
12. Тасымалдау
Жарақат алу қаупі бар!
Тасымалдар алдында
«Қауіпсіздік шаралары» және
«Құрылғыны тасымалдау»
бөлімдерінде келтірілген
нұсқауларды оқыңыз және
ұстаныңыз. ( 4.4)
12.1 Бақша ұсақтағышын тарту
немесе итеру
● Бақша ұсақтағышын
шұңғыманың жоғарғы бөлігінен (1)
ұстап, артқа аударыңыз.
21
513