● Осы күйінде бақша ұсақтағышын
(жаяу жүргіншінің жылдамдығымен)
баяу алдыға салып итеруге немесе
артқа салып тартуға болады.
12.2 Бақша ұсақтағышын
көтеру немесе тасу
Бақша ұсақтағышының үлкен
салмағына байланысты оны
кемінде екі адам көтеруі керек.
Қолдарды және дененің үстіңгі
бөлігін жауып толығымен тұратын
арнайы жарамды қорғаныс киімін
киіңіз.
● Бақша ұсақтағышын көтеру үшін
корпусты оң жағынан және іштен
жанатын қозғалтқыштың астын сол
жағынан ұстаңыз.
12.3 Бақша ұсақтағышын жүк
тиеу алаңына тасымалдау
● Бақша ұсақтағышын жүк тиеу
алаңына тек тік күйінде
тасымалдаңыз.
514
● Құрылғыны жарамды бекіту
құралдарымен аударылудан сақтану
үшін бекітіңіз. Дөңгелек тірегін (1)
немесе тиеу шұңғымасын (2)
жіптермен немесе қайыспен бекітіңіз.
22
13. Тозу дәрежесін
барынша азайту және
зақымдардан қорғау
Техникалық қызмет көрсету туралы
маңызды ақпарат
Бензинмен жұмыс істейтін бақша
ұсақтағышы (STIHL GH)
Пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың
талаптарын сақтамау нәтижесінде,
әсіресе қолдану мен қызмет көрсету
қауіпсіздігіне немесе рұсқат етілмеген
құрамдас бөліктерді немесе қосалқы
бөлшектерді қолдану нәтижесінде
пайда болған кез келген материалдық
залал немесе жарақаттану үшін STIHL
23
компаниясы жауапкершілік тартпайды.
STIHL құрылғысының зақымдарын
немесе шамадан тыс тозуын
болдырмау үшін міндетті түрде мына
маңызды нұсқауларды орындаңыз:
1. Тозатын бөлшектер
STIHL құрылғысының кейбір бөлшектері
мақсатына сай пайдаланылған кезде де
қалыпты тозуға тап болады және
оларды пайдалану түрі мен ұзақтығына
қарай уақыт өте келе ауыстыру керек.
Атап айтқанда, оларға мыналар
жатады:
– Пышақ
– Дискілі пышақ
– Сына тәрізді белдік
2. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарын орындау
STIHL құрылғысын пайдалану, сақтау
және оған техникалық қызмет көрсету
жұмыстарын осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықтың талаптарына сай мұқият
өткізу керек. Қауіпсіздік, пайдалану
және техникалық қызмет көрсету
нұсқауларын сақтамаудан пайда болған
бүкіл шығындар үшін пайдаланушының
өзі ғана жауапты болады.
Атап айтқанда, бұл мыналарға қатысты:
– өнімнің мақсатына сай
қолданылмауы.
– STIHL компаниясы мақұлдамаған
өндірістік материалдардың
пайдаланылуы (майлағыш
материалдар, бензин және мотор
майы, іштен жанатын қозғалтқыштың
пайдалану жөніндегі нұсқаулығын
қараңыз).
– өнімге STIHL компаниясы рұқсат
етпеген өзгерістер енгізу.
– STIHL қамтамасыз етпеген аспа
бөлшектерді, аспа құрылғыларды
немесе кескіш құралдарды
пайдалану.
– өнімді спорттық немесе конкурстық
іс-шараларда қолдану.
– Бөлшектері ақаулы өнімді
пайдаланудан болатын зақымдар.
3. Техникалық қызмет көрсету
жөніндегі жұмыстар
«Техникалық қызмет көрсету»
бөлімінде көрсетілген барлық жұмыстар
тұрақты түрде жүзеге асырылуы тиіс.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі
осы жұмыстарды пайдаланушы өз
бетімен өткізе алмаған жағдайда
делдалға хабарласу керек.
0478 216 9908 B - KK