● Бұранданы (O), қауіпсіздік
шайбасын (P), бөлгішті (T), жоғарғы
қашықтық сақинасын (U) және дискілі
пышақты (I) алып тастаңыз.
7.7 Тиеу шұңғымасын орнату
Бұрандалы тығындар (Q)
алғашқы орнатудан кейін тиеу
шұңғымасымен берік біріктіріледі.
● Бұрандалы тығындарды (Q) тиеу
шұңғымасының ұзын саңылауына
орнатыңыз және басу арқылы
толығымен бұрап бекітіңіз.
● Тиеу шұңғымасын (A) негізгі
құрылғыдағы шарнирге (1) қойып,
алға қарай еңкейтіңіз.
● Екі бұрандалы тығынды (Q) бір
мезгілде тартып тастаңыз.
7.8 Тиеу шұңғымасын
бөлшектеу
● Екі бұрандалы тығынды (Q)
еркін айналғанша босатыңыз. Олар
тиеу шұңғымасында қалады
● Тиеу шұңғымасын (A) артқа қарай
еңкейтіңіз және шығарыңыз.
7.9 Жанармай және мотор майы
Бірінші рет іске қосу алдында
мотор майын құйыңыз ( іштен
жанатын қозғалтқыштың
пайдалану жөніндегі
нұсқаулығы)!
508
Мотор майы
Мотор майының түріне және
толтырылатын май көлеміне қатысты
нұсқауларды іштен жанатын
қозғалтқышқа арналған пайдалану
жөніндегі нұсқаулықтан таба аласыз.
Майдың деңгейін үнемі тексеріп
тұрыңыз ( іштен жанатын
10
қозғалтқыштың пайдалану жөніндегі
нұсқаулығы). Қажет май деңгейінен
төмендеуді және асыруды болдырмау
керек.
Жанармай
Ұсыныс:
Бүлінбеген маркалы май және кәдімгі
этилденген емес бензин ( іштен
жанатын қозғалтқыштың пайдалану
жөніндегі нұсқаулығы)! Толтыру үшін
шұңғыманы пайдаланыңыз (жеткізу
жинағына кірмейді). «Қауіпсіздік
шаралары» тарауындағы нұсқауларға
назар аударыңыз. ( 4.)
8. Жұмыс нұсқаулары
11
Жарақат алу қаупі бар!
«Қауіпсіздік шаралары»
тарауындағы қауіпсіздік бойынша
нұсқауларды орындаңыз. ( 4.)
Материалды бақша
ұсақтағышына бір адам салып
тұру керек.
12
8.1 Пайдаланушының жұмыс
аймағы
● Қауіпсіздік мақсатында,
әсіресе сыртқа тасталып жатқан
материалдан зақымданудан сақтану
үшін пайдаланушы бүкіл жұмыс
барысында (электр қозғалтқыш
немесе іштен жанатын қозғалтқыш
қосулы болғанда) үнемі жұмыс
аймағында (сұр түсті «X» аймағы)
болуы керек.
Ұсақталған материалды толтыру үшін
тиеу шұңғымасының жанында тұрыңыз.
Жарақат алу қаупі бар!
Қиғаш орнатылған пышақ
механизмі қатты материалды кері
лақтыруы мүмкін! Пайдаланушы
кері лақтырылған қатты
материалдан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Кері соққыдан жарақат
алудың алдын алу үшін ешқашан
тиеу шұңғымасының тура
артында тұрмаңыз.
8.2 Қандай материалды өңдеуге
болады?
Бақша ұсақтағышымен
ағаштарды- немесе бұта
шарбақтан қиылған
кесінділерді, сондай-ақ
бұтақшалары көп немесе аз
бұталарды ұсақтауға болады.
0478 216 9908 B - KK
13