Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
әр пайдаланар алдында
● Тиеу шұңғымасын шешіп алыңыз.
( 7.8)
● Пышақтарда зақымдану (жүзінің
жарықтары немесе сызаттар) және
тозу белгілерінің бар-жоғын
тексеріңіз және қажет болса,
аударып салыңыз немесе
ауыстырыңыз.
Пышақ тозуының шектері:
Белгіленген тозудың шектеріне
жетпес бұрын тиісті пышақтарды
бұру немесе ауыстыру қажет.
STIHL компаниясы STIHL
делдалдарын ұсынады.
● Пышақтың бірнеше жерінде тесіктен
пышақ шетіне дейінгі қашықтықты
өлшеңіз.
Минималды қашықтық 6 мм
Пышақты бұру:
Кескіш пышақ бұрылмалы пышақ
ретінде басқарылады. Басқаша
айтқанда, дөкір пышақтар бір рет
бұрылуы мүмкін және құрылғы
әрдайым жұмысқа дайын тұрады.
Әрқашан пышақтардың екеуін де
бұрыңыз!
● Дискілі пышақты бөлшектеңіз. ( 7.6)
● Бұрандаларды (1) босатыңыз және
гайкалармен (2) бірге бұрап
шығарыңыз.
● Пышақты (3) жоғары қарай
шығарыңыз.
● Дискілі пышақты тазалаңыз.
512
● Пышақты (3) бұрыңыз, оны дискілі
пышаққа кері бетімен орнатыңыз
және тесіктердің орналасуын
реттеңіз.
● Бұрандаларды (1) саңылаулар
арқылы орнатыңыз және
гайкаларды (2) бұрап тартыңыз.
Гайкаларды (2) 22 - 28 Нм созылу
мезетімен бекемдеңіз.
● Дискілі пышақты орнатыңыз. ( 7.5)
Пышақтарды қайрау:
Жарақат алу қаупі бар!
Барлық ұсақтағыш пышақтарды
қайрау жұмысын тек делдалдарға
тапсыруға кеңес беріледі. Өтпей
қалған және дұрыс қайралмаған
пышақтар (жүзінің бұрышы дұрыс
емес, біркелкі қайралмаған
пышақтардың әсерінен
теңгерімсіздік және т.б.) кері
соққылардың туындау қаупін
арттырады. Пайдаланушы кері
лақтырылған ұсақталатын
материалдан ауыр жарақат алуы
мүмкін. Сонымен бірге бақша
ұсақтағышының жұмысы
(ұсақталатын материалды
қабылдауы, пышақтардың
орналасу тұрақтылығы және т.б.)
нашарлауы мүмкін.
● Қайрау үшін пышақтарды бөлшектеп
алыңыз.
● Қайрау кезінде пышақтарды,
мысалы, сумен суытып отыру қажет.
Металдың көк түске боялуына жол
бермеңіз, себебі бұл пышақ жүзінің
төзімділігін төмендетеді.
● Теңгерімсіздіктен дірілдердің
туындауын болдырмау үшін
пышақтарды біркелкі етіп қайраңыз.
● Құрылғыға орнатпас бұрын
пышақтарда зақымдардың бар-
жоғын тексеріңіз: Жүзінің сынықтары
және жарықтар байқалса немесе
тозу шегіне жеткен болса,
пышақтарды ауыстыру қажет.
● Пышақ жүздерін 30° қайрау
бұрышымен қайраңыз.
● Пышақтарды жүзіне қарсы қайраңыз.
● Қайрағаннан кейін пышақ жүзінде
пайда болған қырды майда түйіршікті
ысқыш қағазбен кетіріңіз.
● Пышақтарды орнатқан кезде
«Пышақтарды бұру» бөліміндегі
айналу мезеттеріне назар
аударыңыз.
11.4 Сына тәрізді белдікке
қызмет көрсету
Техникалық қызмет көрсету
аралығы:
Әр 10 жұмыс сағаты сайын
Сына тәрізді белдіктегі тозған жерлер
мен зақымдарды көзбен қарап
тексеріңіз және қажет болғанда
ауыстырыңыз.
Сына тәрізді белдік тартылуын
тексеріңіз және қажет болғанда
реттеңіз.
Керіліс тым аз болса, сына тәрізді
белдік тозады, керіліс тым қатты
болса, мойынтірек зақымдалады.
Сына тәрізді белдікті тексеру
және реттеу үшін біліктілігіңіз
жетіспесе, бұл жұмысты арнайы
маманға тапсырыңыз.
0478 216 9908 B - KK
19